«Асар құқық қызметі» компаниясы 17 жылдан астам уақыт қызмет көрсетіп келеді және Астана қаласындағы аса ірі заң фирмаларының бірі болып табылады, команда іс жүргізуші заңгерлерден, кадрлық менеджмент мамандары мен қаржы аудиторларынан құралған. Жалпы тәжірибедегі заң қызметтерін көрсетумен қатар, корпоративтік басқару жобаларын сүйемелдеуде мол тәжірибесі бар, корпоративтік құқықтың түрлі бөлімдері бойынша заң қызметтерін көрсетеді.
Біз көрсететін қызметтер тізіміне заң шарттары мен құқықтық құжаттаманың кез келген түрлерін әзірлеу және сараптама жүргізу кіреді.
Біз сондай-ақ кез келген ұйымдастыру-құқықтық нысандағы кәсіпорындарды тіркеуді, қайта ұйымдастыруды, заңды тұлғаларды таратуды және олардың филиалдарын есептен шығаруды жүзеге асырамыз, кәсіпорындарды жедел оңалту мәселесі бойынша консультациялар береміз.
Біздің Компания мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы даулар бойынша сотта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғай отырып, оларға қатысады және сүйемелдейді.
«Асар құқық қызметі» компаниясын таңдаған кезде Сіз жоғары білікті заң көмегі мен толық қызметтер ауқымын аласыз.
Тек біздің компанияда ғана өз ісінің кәсіпқойлары жұмыс істейді, олар Сіздің барлық мәселелеріңізді ешбір дау-дамайсыз және Сіздің уақытыңызды үнемдей отырып шешеді.